Тоқаев Кэтрин Конноллиді Ирландия Президенті болып сайлануымен құттықтады » DailyKz
News

Тоқаев Кэтрин Конноллиді Ирландия Президенті болып сайлануымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кэтрин Конноллиді Ирландия Президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды dailykz Ақордаға сілтеме жасап.

«Сіздің басшылығыңызбен Ирландия өз дамуын динамикалық түрде жалғастыратынына сенімдімін. Астанамен Дублин қалалары ұзақ мерзімді серіктестік қарым-қатынастарын орнатып, берік достық пен өзара қолдауға негізделген байланыстарға ие», – делінген құттықтау телеграммасында.

Сонымен қатар Тоқаев «екі елдің халықтары игілігі үшін байланыстарды одан әрі нығайту және ынтымақтастық әлеуетін кеңейту мақсатында Сізбен тығыз жұмыс істеуге дайын екенін» жеткізді.

Бүгінгі хабарларға қарағанда, Кэтрин Коннолли солшыл көзқарасымен Ирландия президенттік сайлауында жеңіске жеткен – Fine Gael партиясының үміткері Хизер Хамфрис өз жеңілісін мойындады.

Тоқаевтың құттықтауы екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықтың одан әрі дамуына серпін береді.

Related Articles

Back to top button