Freedom QJ League үшінші маусымының қорытындысын шығарды

Freedom QJ League үшінші маусымының салтанатты жабылуы дәстүрлі QJL All Star гала-кешімен өтті. Алдыңғы екі марапаттау рәсімі Алматыда ұйымдастырылса, биылғы шара елордада – The Ritz-Carlton Astana қонақүйінде өтті, деп хабарлайды dailykz.
Жұлдызды кеш және құрметті қонақтар
1 қараша күні өткен салтанатқа жүздеген қонақтар қатысты. Олардың арасында ҚФФ бас хатшысы Давид Лория, Freedom Holding Corp. бас директоры Тимур Турлов, Changan Kazakhstan директоры Денис Коломацкий, Freedom QJ League президенті Рохус Шох, «Қайрат» клубының бақылау кеңесі төрағасы Қайрат Боранбаев, Олимпиада чемпионы Евгений Яровенко, «Жетісу» бас бапкері Самат Смақов және басқа да танымал тұлғалар болды.
Іс-шараның тікелей эфирін бүкіл ел көре алды – трансляция Freedom Media платформасында жүргізіліп, кейін жазбасы сол жерге жүктелді.
Музыка, шоу және интерактив
Ресми бөлік басталғанға дейін Changan Pit Stop интерактивті студиясы қонақтарды қарсы алды. Ведущілер Евгений Ожогин мен Лунара Есен атақты қонақтармен сұхбаттасып, шағын викториналар өткізді. Кештің ашылуы «Формула-1» стиліндегі музыкалық және би қойылымымен басталды.
Салтанатты сөз сөйлегендер қатарында ҚФФ бас хатшысы Давид Лория, Freedom Holding Corp. басшысы Тимур Турлов және Freedom QJ League президенті Рохус Шох болды.
«Freedom QJ League жылдан жылға кәсібиленіп келеді. Ойын сапасы, ұйымдастыру деңгейі, қолданылатын технологиялар өсіп жатыр. Бірақ ең бастысы – бұл лиганы мағыналы ететін адамдар. Ойыншылар мен жанкүйерлердің эмоциясы – лиганың жүрегі», – деді Тимур Турлов.
Маусым жеңімпаздары мен үздіктер
Үшінші маусымда Freedom QJ League құрамында 54 командадан 1500-ден астам ойыншы бақ сынады. Барлығы 542 матч өтті. Нәтижесінде ұйымдастырушылар 18 номинация бойынша үздіктерді анықтады.
Жыл үздіктері:
- Жылдың перформансы – Мақсат Абраев («Астана»);
- Ең үздік шабуылшы (Эдуард Сон атындағы марапат) – Абылай Төлеухан («Қайрат»);
- Ең үздік қорғаушы (Евгений Яровенко атындағы) – Әкежан Қалиқұлов («Қайрат»);
- Ең үздік жартылай қорғаушы (Антон Шох атындағы) – Даниял Назаров («Астана»);
- Ең үздік қақпашы (Александр Убыкин атындағы) – Мадияр Төлеубек («Ертіс»);
- Маусым бомбардирі (Евстафий Пехлеваниди атындағы) – Дәулет Орынбасар («Қайрат»);
- Үздік бапкер (Георгий Хутиди атындағы) – Игорь Солошенко («Шахтер» U17);
- Маусым голы (Асхат Тағыберген атындағы) – Аружан Оспанова («Ертіс» W);
- Үздік сейв (Игорь Шацкий атындағы) – Махмуджан Сүнгатуллин («Жас Қыран» U18);
- Үздік төреші (Александр Кулаков атындағы) – Даниил Полянский (Көкшетау);
- Үздік инспектор – Анатолий Ходин (Атырау);
- Үздік медиа-қызмет (Диас Омаров атындағы) – ФК «Атырау»;
- Үздік маркетинг (Сейілда Байшақов атындағы) – ФК «Тараз»;
- Үздік басшы (Евгений Ротт атындағы) – Кирилл Кекер («Қайрат»);
- Үздік менеджер – Виктор Кашарин («Тобыл»);
- Үздік дәрігер – Алишер Артиков («Ордабасы»);
- Үздік психолог – Дана Күлманова («Ақтөбе»);
- Маусымның MVP (Бахтиер Зайнутдинов атындағы, Changan сыйлығы) – Глеб Макридов («Шахтер»).
MVP иегері Глеб Макридов Freedom Bank ұсынған 200 000 теңгелік инвестициялық сыйақыға және шетелдік клубта іріктеу сынағынан өтуге арналған грантқа ие болды.
Чемпиондар және жаңа бастамалар
Кештің басты сәттерінің бірі – «Қайрат» U18 командасын үш дүркін чемпион ретінде марапаттау болды. Олар кубокты мәңгілік сақтауға алды.
Сондай-ақ Freedom QJ League өз гимнін ресми таныстырды – классика мен заманауи әуеннің үйлесімінен туған бұл композиция лиганың жаңа символына айналмақ.
Бұдан бөлек, кеш барысында қайырымдылық аукционы өтті. «Реал» жұлдызы Килиан Мбаппенің жейдесі 3 миллион теңгеге сатылып, оны Қайрат Боранбаев сатып алып, блогер Петр Воликовке сыйлады.
«Freedom QJ League-тің қайырымдылықпен айналысуы – оның дамуының дұрыс бағытта екенін дәлелдейді», – деді Боранбаев.
Келесі маусым
Гала-кештің соңында әнші Ayau өнер көрсетті. Енді Freedom QJ League маусымаралық үзіліске кетеді. Келесі жылы жобаға жаңа жас санаты – U15 қосылады.




