News

Ақ үй Зеленскийдің Аляскадағы саммитке қатысуы туралы пікір білдірді

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийді үшжақты саммитке шақыру мүмкіндігін қарастырып жатыр, бірақ қазір Ақ үй Ресей президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесуді жоспарлауға басымдық беріп отыр. Бұл туралы dailykz NBC телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Телеканалдың мәліметінше, Ақ үй Зеленскийді 15 тамызда Аляскада өтетін АҚШ пен Ресей президенттерінің кездесуіне шақыру жайлы ішкі талқылаулар жүргізуде.

Жоғары лауазымды америкалық шенеунік пен ішкі әңгімелерге жақын үш дереккөздің айтуынша, бұл мәселе әлі пысықталуда.

“Бұл мәселе әлі талқылануда,” — деді бір дереккөз.

NBC-нің барлық сұхбаттастары Зеленскийдің сапары ресми бекітілмегенін және оның Аляскаға келуі әлі белгісіз екенін айтты.

Ақ үйдің жоғары лауазымды өкілі телеканалға бұл мүмкіндік “толығымен қарастырылып жатқанын” жеткізді.

“Барлық тараптар оның жүзеге асуын тілейді,” — деді ол.

Ақ үй өкілі АҚШ Зеленскийді Аляскаға ресми шақырды ма деген сұраққа жауап беріп:
“Президент (Дональд Трамп) екі жетекшімен үшжақты саммитке ашық. Қазір Ақ үй екіжақты кездесуді жоспарлауға көңіл бөлуде,” — деді.


Кездесулер туралы қосымша мәліметтер

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін BBC ресейлік қызметі Дональд Трамп пен Владимир Путиннің алдағы аптада кездесуі мүмкін екенін және одан кейін Украина президенті Владимир Зеленский қатысатын үшжақты кездесу өтуі ықтимал екенін хабарлаған.

Москва мен Вашингтон Кремльде келіссөздер барысында Трамп пен Путиннің жеке кездесуі туралы келісімге келгенін растады. Кездесу орны мен уақыты – 15 тамыз, Аляска деп анықталды.


Зеленскийдің пікірі

Соңғы ақпаратқа сәйкес, Дональд Трамптың Ресей-АҚШ саммиті жайлы мәлімдемесінен кейін Владимир Зеленский Киевтің келіссөзге дайын екенін айтты, бірақ өзінің “жерін ешкімге сыйламайтынын” ерекше атап көрсетті.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button