Спорт

Адилет Тортубек тарихи Азия чемпионатында алтын медальсыз қалды

Бангкокта (Таиланд) өткен World Boxing ұйымының жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Адилет Тортубек финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

U-19 санатындағы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тортубек ирандық Али Чехреганимен алтын жүлде үшін күш сынасты. Қарсыласы төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті.

Нәтижесінде Али Чехрегани чемпион атанып, тұғырдың ең биік сатысына көтерілсе, Адилет Тортубек күміс жүлдені қанағат тұтты. Айта кетсек, бұл жарыстың U-19 финалында Қазақстан құрамасынан жеті боксшы өнер көрсетіп жатыр. Сонымен қатар, U-19 және U-22 жас санаттары бойынша өткен бұл Азия чемпионаты — World Boxing тарихындағы алғашқы құрлықтық жастар бәсекесі болды.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button