Акорда Токаев, Си Цзиньпин, Ким Чен Ын және Путиннің бірегей фотосын жариялады

Акорда төрт елдің лидерлерін бір үстелде отырып, жақсы көңіл-күйде сөйлесіп тұрған сәтінде көрсеткен.
Суреттен көрініп тұрғандай, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын жанында отыр. Сондай-ақ, КХР төрағасы Си Цзиньпин және Ресей президенті Владимир Путин күліп түскен.
Айта кетейік, бүгін ҚХР астанасында Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 80 жылдығына және Жапон милитаристеріне қарсы күреске арналған әскери парад өтті. Тоқаев құрметті қонақ ретінде парадқа шақырылған.
Парадта Қазақстан басшысымен бірге Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Иран, Өзбекстан президенттері, Армения премьер-министрі және Солтүстік Корея лидері де болды.
БАҚ жазғандай, бұл парадта Қытай стратегиялық күштерін – құрлықтық, теңіздік және әуе базасында орналасқан ядролық триаданы алғаш рет көрсетті.
Кейін Акорда парадтан фотолар мен видеоларды бөлісті, кадрларда Тоқаев басқа әлемдік лидерлермен бірге көрінеді. Сондай-ақ, Қазақстан президенті Қытай төрағасы Си Цзиньпин атынан салтанатты қабылдауға қатысты.