Александр Бублик бес сетке созылған ойында жеңіске жетіп, US Open-нің төртінші айналымына өтті

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 2025 жылғы АҚШ ашық чемпионатында төртінші айналымға шықты, деп хабарлайды dailykz.
Әлемдік рейтингте 24-орында тұрған қазақстандық теннисші үшінші кезеңде америкалық Томми Полға қарсы ойнады. Қарсыласы қазіргі таңда әлемнің 14-ракеткасы саналады.
Кездесу бес сетке созылып, өте тартысты өтті. Ақыры Бублик 7:6 (7:5), 6:7 (4:7), 6:3, 6:7 (5:7), 6:1 есебімен жеңіске жетті. Матч жалпы 3 сағат 38 минутқа жалғасты.
Ойын барысында Бублик 20 эйс жасап, 12 қос қателікке жол берді. Сонымен қатар ол сегіз брейк-пойнттың үшеуін пайдаланып, өз подачасын бірде-бір рет жоғалтпады.
Бұл — Бубликтің мансабында алғаш рет US Open турнирінде төртінші айналымға шығуы. Келесі кезеңде ол турнирдің қазіргі чемпионы әрі әлемнің бірінші ракеткасы саналатын италиялық Янник Синнермен күш сынасады.
Айта кетейік, US Open — маусымдағы соңғы «Үлкен дулыға» турнирі. Ол Нью-Йоркте хард кортта өтеді.
Александр Бублик тарихи жетістікке жетіп, US Open жарысының төртінші айналымында Янник Синнерге қарсы алаңға шығады.