Александр Бублик тарихи «Мастерс» финалына бір қадам қалғанда тоқтады » DailyKz
Спорт

Александр Бублик тарихи «Мастерс» финалына бір қадам қалғанда тоқтады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Парижде өткен ATP 1000 қатты корттағы турнирінде жарысты аяқтады, деп хабарлайды dailykz тілшісі.

Әлемдік рейтингте 16-орында тұрған қазақстандық спортшы жартылай финалда Канада өкілі, әлемнің 10-ракеткасы Феликс Оже-Альяссиммен кездескен еді.

Кездесу екі сетке ғана созылып, алғашқысы тай-брейк арқылы аяқталды. Оже-Альяссим матчты 7:6 (7:3), 6:4 есебімен өз пайдасына шешті.

Теннисшілер кортта 1 сағат 36 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Бублик бес эйс соғып, екі қос қателік жіберді және екі брейк-пойнттың екеуін де тиімді пайдаланды.

Феликс Оже-Альяссим финалда неміс Александр Зверев пен италиялық Янник Синнер арасындағы матчтың жеңімпімен кездеседі. Айта кетсек, Зверев әлемнің үшінші, ал Синнер екінші ракеткасы саналады. Бұл жеңіс канадалық спортшыға маусым соңындағы ATP финалдық турниріне қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етті.

Ал Бублик болса, мансабында алғаш рет «Мастерс» финалына шығуға сәл-ақ қалды. Бұған дейін ол бұл дәрежедегі турнирлердің жартылай финалына да жете алмаған еді. Дегенмен, Париждегі сәтті өнер көрсетуінің арқасында Александр Бублик әлемдік рейтингте өз рекордын жаңартып, 13-орынға көтеріледі деп күтілуде.

Александр Бублик – Қазақстан теннисінің мақтанышы, ол Париждегі «Мастерс» турнирінде жарқын ойын өрнегімен тағы да жанкүйерлерін қуантты.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button