News

Алматы облысында білім басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы облысының әкімі міндетін атқарушының 2025 жылғы 21 тамыздағы өкімімен Арайлым Төлеубекова Алматы облысының Білім басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды dailykz облыс әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Өмірбаяны мен білімі

Арайлым Аксубаевна 1977 жылы дүниеге келген.

  • 2004 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Басқа тілде білім беретін мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған.
  • 2015 жылы Алматы университетінде заңгерлік білім алған,
  • 2020 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетті «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған.
  • 2017 жылы сол университетте «Заңгерлік» бағытында магистр дәрежесін алған.

Еңбек жолы

Арайлым Төлеубекова 2001 жылы Іле ауданы, Рахат ауылының №20 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде қызметін бастады.

Әртүрлі жылдары:

  • №20 мектептің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
  • 97617 әскери бөлімінің оператор маманы,
  • Іле ауданы білім және спорт бөліміне жетекші маман,
  • №4 мектептің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
  • Энергетикалық ауылдық округ әкімдігі аппаратына жетекші маман,
  • №29 мектептің орынбасары,
  • «Балауса» балабақшасының әдіскері қызметтерін атқарған.

Сонымен қатар, ол Іле ауданы білім бөліміне юрист, бас маман және орталықтандырылған бухгалтерия бастығы ретінде қызмет істеген. Кейін Қонаев және Еңбекшіқазақ аудандарының білім бөлімін басқарған.

2025 жылғы маусымнан бастап Іле ауданы бойынша Алматы облысының Білім басқармасы бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Контекст: балалардың Алматыдан Қонаевқа көшу дауы

Еске сала кетейік, осы жылдың наурыз айында Алматыдан Қонаевқа балалардың көшірілуі туралы дау туындаған болатын. Шілде айында облыс әкімдігі балалардың жаңа ғимаратқа көшіру туралы соңғы шешім қабылдағанын растаған.

Алайда кейін Қасым-Жомарт Тоқаев көшіруді тоқтату жөнінде тапсырма берген. Сол себепті қызметтік тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде:

  • Алматы облысы әкімінің орынбасары Болат Куренбеков,
  • Білім басқармасы басшылары Салтанат Беспаева және Ішкі саясат басқармасы басшысы Ерик Абитов қызметінен босатылған.
    Бірінші орынбасарға қатаң ескерту берілген.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button