News

Алматыда экс-судья Светлана Жолманова полицияға жеткізілді

Бұрынғы судья Светлана Жолманова ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікпен Алматыдағы полицияға жеткізілді. Бұған дейін желіде судьяға бірнеше эпизод бойынша алаяқтық жасаған деген күдікпен іс қозғалғаны туралы ақпарат тараған болатын.Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. Хабарламада айтылғандай, Медеу аудандық полиция басқармасы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Күдікті полицияға жеткізіліп, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.Айта кетейік, Светлана Жолмановаға 2021 жылы да қылмыстық іс қозғалған болатын. Ол кезде экс-судья сот шешімдерін қызығушылық танытқан тараптардың пайдасына шығару үшін көмек көрсетуге байланысты алаяқтық әрекеттер жасаған деген күдікке ілінген.Кейін бұл қылмыстық іс тоқтатылып, Жолманова судья қызметінен босатылған.Желіде Алматы судьясының 4,5 миллион долларына қатысты ақпарат талқылануда

Сондай-ақ, біз бұған дейін Ақтау қалалық сотының төрағасы ұсталғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Бұл ақпаратты Қазақстанның Жоғарғы соты Коммуникациялар бөлімі растады. Белгілі болғандай, бұл Жоғарғы соттың Ішкі қауіпсіздік басқармасы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірлескен операциясы болған. Қазіргі уақытта басқа мәліметтер белгісіз.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button