Алматыда пәтер бағасы кенет қымбаттады

Алматыда тұрғын үй бағасы айтарлықтай көтерілді. Бастапқы нарықта бір айда 2,9%, ал екінші нарықта 2,1% өскен. Қазақстан бойынша орташа өсім сәйкесінше 1% және 0,9% болды, деп хабарлайды dailykz.
Бір ай бұрын Астанада тұрғын үй бағасының күрт өскені туралы айтқан едік. Қазан айында бұл эстафетаны Алматы алды.
Бағалар динамикасы
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, мегаполисте бастапқы нарықтағы пәтерлер бір айда 2,9%, ал екінші нарықтағы пәтерлер 2,1% қымбаттаған.
Салыстыру үшін: Астанада бағалар ай ішінде өзгермеген, ал ел бойынша орташа көрсеткіш бойынша бастапқы нарық 1% өссе, екінші нарық 0,9% артқан. Сонымен қатар, бір ай ішінде кейбір қалаларда бағалар төмендеген:
- Бастапқы нарықта: Атырау (-0,1%), Көкшетау (-0,6%), Павлодар (-0,5%)
- Екінші нарықта: Талдықорған (-0,7%), Қонаев және Өскемен қалаларында (-0,9%)
Жылдық өсім
Қазақстандағы бастапқы нарықтағы шаршы метр бағасы соңғы бір жылда 12,5%, ал екінші нарықта 10,2% өскен. Алматыда бұл көрсеткіш тиісінше 15,7% және 21,7%.
- Астанада: 13,7% (бастапқы) және 4,4% (екінші)
- Шымкентте: 13,5% және 9,5%
Қазан айының қорытындысы бойынша ең қымбат тұрғын үй Алматыда сатылады. Орташа баға:
- Бастапқы нарық: 667 027 теңге/м²
- Екінші нарық: 716 112 теңге/м²
Астанадағы баға:
- Бастапқы нарық: 650 133 теңге/м²
- Екінші нарық: 678 190 теңге/м²
Қазақстан бойынша орташа шаршы метр бағасы:
- Бастапқы нарық: 555 161 теңге
- Екінші нарық: 571 828 теңге
Ең арзан бастапқы нарық пәтері – Оралда (299 155 теңге), ал ең арзан екінші нарық – Қызылордада (312 596 теңге).
Аренда нарығындағы жағдай
Бағалар тек сатып алу нарығында ғана емес, жалдау нарығында да өсіп жатыр. Қазақстан бойынша бір айлық өсім – 1,2%, жылдық – 8,2%. Бұрын кейбір қалаларда аренда бағасы айына 500 мың теңгеден асуы мүмкін екені хабарланған.
Сондай-ақ сарапшылардың айтуынша, Қазақстандағы тұрғын үй бағасы ресми статистика көрсеткішінен жылдам өсуі мүмкін. Жақында жаңа тұрғын үй бағасын үш жылға бекіту жоспарланып жатқаны белгілі болды.




