Спорт

Астанада Азия Олимпиада кеңесінің құрлықтық форумы басталды

Елордада Азия Олимпиада кеңесі (ОСА) спортшыларының VI Құрлықтық форумы өз жұмысын бастады. Шара Olympic Solidarity бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды dailykz ҚР ҰОК-ке сілтеме жасап.

Форумға Азияның 45 ұлттық олимпиадалық комитетінің өкілдері, Халықаралық Олимпиада комитетінің делегаттары, сондай-ақ ОСА басшылары қатысуда. Жалпы саны 120-дан астам қонақ жиналды.

Бағдарлама аясында пікірталас алаңдары, тақырыптық топтарда жұмыс, семинарлар мен ашық диалогтар жоспарланған. Сонымен бірге, Астананың Орталық саябағында 2026 жылғы Айти–Нагоя Азия ойындарын қолдау мақсатында символикалық Fun Run жүгіру шарасы өтеді.

Форумның алғашқы күніндегі негізгі тақырыптардың бірі – спортшыларға арналған Olympic Solidarity шәкіртақылық бағдарламаларының таныстырылымы болды. Сондай-ақ спортшылар комиссиясының қызметіндегі жаңа өзгерістер талқыланды.

Спикерлер қатарында Olympic Solidarity өкілдері мен ОСА спортшылар комиссиясының мүшелері сөз сөйледі. Олардың ішінде Азия Олимпиада кеңесінің Атқарушы комитетінің мүшесі, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова, үш Олимпиадаға қатысқан фристайл-акробатика шебері Жанбота Алдабергенова, сондай-ақ ҚР ҰОК спорт департаментінің жетекші менеджері Айым Жетыбаева бар.

Астанадағы Азия Олимпиада кеңесінің VI Құрлықтық форумы спортшылар үшін жаңа мүмкіндіктер мен халықаралық ынтымақтастықты нығайту алаңына айналды.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button