News

32 жастағы Асылбек Ахметжанов ҚР Оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды

Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Асылбек Амантайұлы Ахметжанов ҚР Оқу-ағарту вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды NUR.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, Ахметжанов 1993 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Қазақ технология және бизнес университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2016 жылдың қаңтарында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінде мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру басқармасының міндетін атқарушы сарапшысы ретінде бастаған.

Қызметтік жолы:

  • 2016–2018 жж. – Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру басқармасының сарапшысы, «Электрондық үкімет» және мемлекеттік қызметтерді дамыту департаменті, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі.
  • 2018–2019 жж. – Мемлекеттік қызметтерді жетілдіру саясаты басқармасының бас сарапшысы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.
  • 2019–2021 жж. – Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру басқармасының басшысы, ҚР Ұлттық экономика министрлігі.
  • 2021–2024 жж. – Цифрлық трансформация департаменті басшысының орынбасары, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.
  • 2024–2025 жж. – Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры, ҚР Сауда және интеграция министрлігі.
  • 2025 ж. ақпанынан – Цифрлық трансформация архитектурасы және саясаты департаментінің директоры, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арман Абдрасиловты ҚР Қауіпсіздік кеңесі жанындағы жағдай орталығының жетекшісі етіп тағайындаған болатын.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button