Спорт

Бокс: Қазақстан жас боксшылары Азия чемпионатында тағы бір алтын иеленді

Қазақстан құрамасының 22 жасқа дейінгі боксшысы Гүлназ Бурибаева Азияның жастар чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды dailykz.

Бангкокта (Тайланд) өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында финалдық жекпе-жектер басталды. Сол сайыста әйелдер құрамасының намысын қорғаған Гүлназ Бурибаева 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Оның финалдағы қарсыласы – өзбекстандық Робияхон Бахтиерова болды. Алтын үшін өткен айқас қазақстандық спортшының пайдасына төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен аяқталды.

Айта кетейік, бұған дейін, 10 тамыз күні 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы финалдар өткен еді. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық медаль кестесінде үздік алты құраманың қатарына енді.

Қазақстан боксшыларының Азия чемпионатындағы жеңістері спорт сүйер қауымға қуаныш сыйлап, ел намысын асқақтатып келеді.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button