Британдық боксшы Жәнібек Әлімханұлына реванш ұсынды

Британдық боксшы Дензел Бентли WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына реванш өткізуді ұсынды, деп хабарлайды dailykz.
Боксшылар кәсіби рингте алғаш рет 2022 жылы кездескен еді. Сол кездесу WBO әлем чемпиондығы үшін өтті, және Әлімханұлы төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жеткен.
Бентли сол жеңілістен кейін бірнеше рет «Qazaq style»-ға шақырып, реванш өткізуді талап еткен болатын.
Бұл жолы британдық спортшы Әлімханұлының әлеуметтік желідегі X парақшасындағы Карлос Адамеске бағытталған жазбасына жауап берді. Қазақстандық боксшы жазбасында:
«Адамес! Сен қайдасың?»
деп сұраса, Бентли Жәнібекке былай жауап қатты:
«Барлығын ысырып таста. Сен қайдасың?»
Айта кетейік, қазіргі уақытта Дензел Бентли Ұлыбритания чемпионы белдігіне ие, сондай-ақ WBO International және Еуропа бокс кеңесінің титулдарын ұстап отыр.