Бублик US Open – 2025 алдында әлемдік рейтингтегі орнын білді

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) ресми сайтында US Open – 2025 басталар алдында жекелей және жұптық санаттағы жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды dailykz.
Маусымдағы соңғы «Үлкен дулыға» турнирі Нью-Йоркте басталды. Бұған дейін өткен жарыстардың нәтижесіне сәйкес ATP рейтингі қайта есептелді.
Қазақстандық теннисшілердің нәтижесі
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик өз орнын сақтап, әлемдік рейтингте 24-сатыда қалды. Ерлер арасындағы үздік ондықта да өзгеріс болған жоқ. Көшбасшылықты италиялық Янник Синнер ұстап тұр. Одан кейін испан Карлос Алькарас, ал үшінші орында неміс Александр Зверев орналасқан.
Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко екі сатыға төмен сырғып, 91-орынға түсті. Ол US Open-дағы алғашқы кездесуін өткізіп те үлгерді, алайда ойсырай жеңіліп қалды.
Бубликтің алдағы матчы
Александр Бублик US Open жарысын 26 тамыз күні бастайды. Алғашқы айналымда 23-ші нөмірлі сеяный қазақстандық теннисші хорват Марин Чиличпен кортқа шығады.