Даниил Медведевтің финалдағы қарсыласы анықталды – Almaty Open 2025

Almaty Open 2025 хардтық турнирінің финалына шыққан екінші қатысушы – француз теннисші Корентен Муте, деп хабарлайды dailykz тілшісі.
Әлемдік рейтингте 41-орында тұрған Муте турнирде 8-ші номермен жарысты. Жартылай финалда ол АҚШ өкілі, әлемнің 36-шы ракеткасы және 6-шы сеяны Алекс Михельсенмен кездескен болатын.
Финалға жол ашқан жеңіс
Жартылай финалдық матч екі сетте аяқталып, француз теннисшісінің жеңісімен – 7:5, 6:4 аяқталды. Ойыншылар кортта барлығы 2 сағат 12 минут өткізді.
Муте мен Медведевтің шешуші кездесуі
Финалда Муте Ресейлік теннисші Даниил Медведевке қарсы ойнайды, ол әлемдік рейтингте 14-орында және турнирде екінші сеяны. Бұған дейін Медведев жартылай финалда австралиялық Джеймс Даквортты жеңген еді.
Матч уақыты мен қосымша ақпарат
Almaty Open 2025 финалы 19 қазан күні, сағат 15:00-ден кейін басталады. Оған дейін жұптық жарыстың чемпиондары анықталады: неміс теннисшілері Якоб Шнайттер мен Марк Вальнер және француздар Тео Аррибаже мен Альбано Оливетти титул үшін бақ сынайды.




