Спорт

Едыге Қасымбек Қазақстанға жастар әлем чемпионатындағы алғашқы алтынды сыйлады

Еркін күрес шебері Едыге Қасымбек 2025 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатында (U20) Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді алып берді, деп хабарлайды dailykz.

Дүйсенбі күні Болгарияның Самоков қаласында өткен додада алғашқы жүлделер сарапқа салынды.

125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күрескен Қасымбек үш қарсыласын тізе бүктіріп, финалға шықты. Шешуші белдесуде ол ирандық Абольфазл Мохаммад Нежадты 4:1 есебімен жеңіп, алтыннан алқа тақты.

Осы жеңістің арқасында небәрі 18 жастағы балуан Қазақстан құрамасын алғашқы күннің қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте үздік үштікке шығарды.

Сонымен қатар, ұлттық құрама тағы екі медальға қол жеткізді. 74 келі салмақта Досжан Күлғайып, ал 97 келіде Самир Дүрсүнов қола жүлдегер атанды.

Самоковтағы жастар әлем чемпионаты 24 тамызға дейін жалғасады. Алдағы күндері әйелдер күресінің өкілдері мен грек-рим стиліндегі балуандар кілемге шығады.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button