Спорт

Елена Рыбакина керемет камбэк жасап, ондаған миллион теңге табыс тапты

Қазақстандық теннис жұлдызы Елена Рыбакина Цинциннати қаласында өтіп жатқан беделді турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды dailykz. Бұл жеңіс оған 100 мың АҚШ долларынан астам сыйақы әкелді.

Рыбакина әлемнің алтыншы ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизді тартысты матчта тізе бүктірді. Үш сетке созылған ойын 6:7 (3:7), 6:4, 6:2 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды.

Осы жарыста Елена бұған дейін мексикалық Рената Сарасуа мен бельгиялық Элизе Мертенсті жеңген болатын.

Спорт.kz дерегінше, ширек финалға шыққаны үшін Рыбакина 106 900 доллар (шамамен 57,5 млн теңге) және 215 рейтингтік ұпай иеленді.

Цинциннатидегі WTA 1000 сериялы турнирдің биылғы жалпы жүлде қоры — 5,1 млн доллар (2,7 млрд теңге). Ал басты жүлденің иесі 752 275 доллар (405 млн теңге) және 1000 рейтингтік ұпайға қол жеткізеді.

Айта кетейік, бұған дейін Елена Рыбакина Монреаль турниріндегі сәтті ойынының арқасында әлемдік рейтингте екі саты көтеріліп, топ-10 қатарына қайта оралған еді.

Елена Рыбакина Цинциннати турнирінде жеңіс сериясын жалғастырып, ширек финалға шығуымен қатар, қомақты табысқа да қол жеткізді.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button