Спорт

«Елге осындай мереке сыйладық»: «Қайрат» футболшыларының жеңістен кейінгі қуанышты сәті жарияланды

Желіде алматылық «Қайраттың» футболшылары «Селтикті» жеңіп, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққаннан кейінгі қуанышты сәттері тарады. Кадрларды клубтың баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды dailykz.

Раздевалкадағы қуаныш

Бейнеде «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин ойыншыларға әсерлі сөз арнады.

«Біз қалай келіссек, солай жасадық, иә? Керемет болды, жігіттер! Ең бастысы – сену. Сенсең, бұл өмірде бәрі мүмкін. Тамаша! Елге осындай мереке сыйладық, супер!» – деді ол футболшыларды құттықтап.

Бапкердің сөзін ойыншылар ду қол шапалақпен бөліп отырды.

«Қайраттың» тарихи жеңісі

Еске салайық, қазақстандық «Қайрат» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі шешуші ойында Шотландияның «Селтигін» пенальти сериясында жеңіп, алғаш рет турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды. Қарсыластарын алматылықтар 28 тамызда өтетін жеребе тарту рәсімінде біледі.

Бұған қоса, «Селтиктің» бас бапкері Брендан Роджерс матчтан кейін жеңіліс туралы өз пікірін білдірді.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button