News

“Еліміздің мүддесінде”: Тоқаев Қытайдың ЖИ жөніндегі ұйым құру бастамасын қолдады

Жасанды интеллект мәселелері талқыланған кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың ЖИ-ды дамыту жөніндегі халықаралық ұйым құру бастамасын қолдауды тапсырды, деп хабарлайды dailykz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы соңғы уақытта жасанды интеллект саласында әлемдік бәсекелестік күшейіп отырғанын атап өтті.

*”2025 жылдың шілдесінде АҚШ Президенті Дональд Трамп әкімшілігі America’s AI Action Plan стратегиясын ұсынды. Онда ЖИ – АҚШ-тың технологиялық, экономикалық және қорғаныс саласындағы көшбасшылығын қамтамасыз ететін басты құрал ретінде танылды. Біздің мамандар осы және басқа да ұқсас құжаттарды мұқият зерттеп, тәжірибелік қорытынды шығаруы тиіс.

Ал Қытай Халық Республикасы ЖИ саласында ынтымақтастықтың жаһандық ұйымын құруды бастамалады. Мақсат – жасанды интеллектті басқаруда көпжақты тәсілді ілгерілету, цифрлық алшақтықты қысқарту, этика мен тұрақты қолдануды дамыту. Бұл ұсынысты қолдап, дайындық жұмыстарына қатысуымыз қажет. Бұл – еліміздің мүддесінде”*, – деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Қазақстанның басты мақсаты – Еуразиядағы цифрлық хабқа айналу. Ол үшін нақты әрекетке көшіп, әрбір шешімді жүйелі түрде қабылдап, орындалуын қатаң бақылау қажет.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев:

  • жеке деректер бар коммуникацияларды ұлттық мессенджер Aitu-ға көшіруді;
  • АҚШ пен Қытайдың ЖИ саласындағы стратегияларын зерттеуді;
  • үш ай ішінде мемлекеттік қызметтерге жасанды интеллектті енгізу бойынша нақты шаралар әзірлеуді тапсырды.

Жасанды интеллект – Қазақстанның цифрлық болашағы мен жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыратын басты фактор.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button