Етеккір кезінде суға түсуге болама – мамандар пікірі

Көптеген әйелдер мен қыз-келіншектердің көкейінде жүрген сұрақтардың бірі — етеккір кезінде суға түсуге бола ма? Бұл мәселе әсіресе жаз мезгілінде, теңізге, бассейнге немесе моншаға барғысы келген кезде жиі туындайды. Бұл сұраққа нақты әрі ғылыми негізделген жауап беру үшін, етеккір кезінде денеде не болып жатқанын түсініп алуымыз қажет.
Етеккір кезінде әйел ағзасы әлсірейді. Бұл кезеңде жатырдың ішкі қабырғасы жаңарып, қан кету жүреді. Сондықтан иммундық жүйе сәл төмендейді, ал жатыр мойны ашық болады. Бұл — инфекциялардың ағзаға кіруіне мүмкіндік беретін негізгі себептердің бірі.
Суға түсу – қауіпті ме?
Жалпы алғанда, тазалық сақталатын және су температурасы қолайлы (тым суық емес) жағдайда суға түсуге болады. Бірақ бірнеше маңызды жайттарды ескеру керек:
- Бассейн немесе теңіз суы микробтардан таза болуға тиіс. Алайда ашық су көздерінде, әсіресе көл мен тоғанда, зиянды бактериялар көп болуы мүмкін.
- Тампоны бар әйелдер үшін суға түсу қауіпсіздеу. Тампон қанды сіңіріп қана қоймай, инфекцияның ішке енуіне тосқауыл бола алады. Бірақ суға түскен соң, оны дереу ауыстыру қажет.
- Гигиена – басты шарт. Суық суда ұзақ уақыт болу немесе дымқыл купальникпен жүру цистит сияқты ауруларға әкелуі мүмкін.
Қашан бас тартқан жөн?
- Егер етеккір ауыр өтсе немесе көп қан кетсе;
- Егер іштің төменгі бөлігінде қатты ауырсыну болса;
- Егер ағза әлсіз болып тұрса немесе бас айналу байқалса.
Бұл жағдайда суға түспеген дұрыс — ағзаға толық тынығуға мүмкіндік берген жөн.
Қорытындылай келе, етеккір кезінде суға түсуге бола ма деген сұраққа жауап жеке жағдайға байланысты. Егер өзіңізді жақсы сезінсеңіз, су таза болса және тиісті гигиеналық құралдарды қолдансаңыз — суға түсуге болады. Бірақ әрдайым өз ағзаңызды тыңдаңыз және қажет болса, дәрігермен кеңесіңіз.