Евгения Медведева құда түскенін жариялады – белгілі мәнерлеп сырғанаушының жүрегін жаулаған кім?

Ресейлік әйгілі мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері Евгения Медведева өзінің Instagram парақшасында құда түскенін хабарлады, деп жазады dailykz.
Жаңа өмірге қадам
Мәнерлеп сырғанаушының сүйіктісі – ресейлік биші және хореограф Ильдар Гайнутдинов. Ол көптеген телешоуларға қатысқан талантты өнер иесі. Екеуі алғаш рет тележоба барысында танысып, ортақ би жобасында бірге өнер көрсеткен.
Ұсыныс сәті
Медведеваның айтуынша, 7 қараша күні Ильдар оған неке қию туралы ұсыныс жасаған. Спортшы бұл сәттің бейнежазбасын өз парақшасында бөлісіп, қуанышын жанкүйерлерімен бірге атап өтті.
Бейнероликте Гайнутдинов бір тізерлеп, сүйіктісіне сақина ұсынған сәтті көруге болады.
“Мен саған әрдайым қасыңда болуға уәде беремін. Ешқашан сені сатпаймын. Сен үшін қолдан келгеннің бәрін істеймін”, — деді Ильдар Гайнутдинов сүйіктісіне.
Медведеваның спорттық жетістіктері
Евгения Медведева — заманының ең жарқын спортшыларының бірі. Ол 2018 жылғы Олимпиадада екі күміс медаль иегері атанды. Сондай-ақ екі мәрте әлем чемпионы және екі мәрте Еуропа чемпионы болған.




