Франциялық теннисші Корентен Муте Австрия астанасында қазақтың ұлттық киімін киіп серуендеді

Белгілі француз теннисші Корентен Муте Вена көшелерінде қазақтың ұлттық киімін киіп жүрген сәтін түсіріп, өз парақшасында жариялады, деп хабарлайды dailykz.
Әлемдік рейтингте 36-орында тұрған спортшы Instagram-дағы stories бөлімінде түсірілген видеода командасының мүшесімен бірге Австрия астанасын аралап жүргенін көрсетті.
Қазақ стиліндегі серуен
Бейнежазбада Мутенің қазақтың ұлттық бас киімі — тюбетейканы киіп, Вена көшелерінде еркін серуендеп жүргені байқалады. Ал қазақтың шапанын ол команда мүшесіне берген. Теннисшінің бұл әрекеті қазақстандық жанкүйерлердің назарын бірден аударды.
Желі қолданушылары оның ерекше құрметін жоғары бағалап, «қазақ мәдениетіне деген сүйіспеншілігі байқалады» деген пікірлер қалдырды.
Алматыдан басталған әсер
Айта кетейік, өткен аптада Корентен Муте Алматыда өткен турнирдің финалында ресейлік Даниил Медведевпен кездесіп, екінші орын алған болатын. Сол финалдық ойында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қазақтың ұлттық киімдері естелік ретінде табысталды.
Сол сыйлықтардың бірі — дәл сол тюбетейке — енді француз спортшысының сүйікті бейнесіне айналған сияқты.




