Спорт

Ига Швентек Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінің чемпионы атанып, маусымдағы екінші кубогын жеңді

Поляк теннисшісі Ига Швентек АҚШ-тың Цинциннати қаласында өткен WTA 1000 санатындағы хард турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды dailykz.

Финалда әлемдік рейтингтің үшінші нөміріндегі Швентек сегізінші ракетка саналатын италиялық Жасмин Паолиниді екі сетте тізе бүктірді. Кездесу 7:5, 6:4 есебімен аяқталды.

24 жастағы поляк спортшысы биылғы маусымдағы екінші титулына қол жеткізді. Бұған дейін, шілде айында ол Уимблдон жарысының финалында америкалық Аманда Анисимованы 6:0, 6:0 есебімен ұтып, бас жүлдені иеленген еді.

Цинциннати турниріндегі жеңіс Швентектің мансабындағы 24-ші титулы болды. Оның ішінде 11 кубок WTA 1000 деңгейіндегі додалардан алынған.

Бұл жетістіктің арқасында Швентек жаңартылған рейтингте америкалық Кори Гауффты басып озып, әлемнің екінші ракеткасы атанады.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button