«Көк-Төбе» телемұнарасы «Қайраттың» символикасымен жарқырады

Алматыдағы «Көк-Төбе» телемұнарасы тарихи жеңістен кейін ерекше түске енді. «Қайрат» клубының Шотландияның «Селтигін» ұтып, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққан қуанышты сәтін мұнара футболдық символикамен жарықтандырды, деп хабарлайды dailykz.
Қайрат пен Чемпиондар лигасының логотиптері
Телемұнараның жарықтандырылған экранында алматылық «Қайраттың» эмблемасы мен УЕФА Чемпиондар лигасының логотиптері көрінді. Бұл қала тұрғындары мен жанкүйерлерге ұмытылмас мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Тарихи жетістік
Еске салайық, «Қайрат» плей-офф кезеңінде «Селтикті» жеңіп, алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды. Қарсыластары 28 тамызда өтетін жеребе тарту рәсімінде анықталмақ.
Жанкүйерлердің қуанышы
Желіде «Қайрат» ойыншыларының жеңістен кейінгі қуанышты сәттері жарияланды. Ал «Селтиктің» бас бапкері Брендан Роджерс матчқа байланысты пікір білдірсе, УЕФА қазақстандық клубтың тарихи жеңісіне арнайы реакция жасады. Бұған қоса, қазақстандық жанкүйерлер бұл жеңісті ел бойынша ерекше атап өтті.