Спорт

Карлос Алькарас екінші рет US Open чемпионы атанды

Испаниялық теннисші Карлос Алькарас US Open финалында Янник Синнерді жеңіп, 2025 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды dailykz.

Финал қалай өтті?

Ерлер арасындағы жекелей сындағы шешуші матч Қазақстан уақытымен дүйсенбіге қараған түні өтті. Синнер кездесуге әлемдік рейтингтің көшбасшысы ретінде шықса, Алькарас кортқа екінші ракетка мәртебесінде шықты.

Ойын төрт сетке созылып, испандық теннисшінің пайдасына 6:2, 3:6, 6:1, 6:4 есебімен аяқталды. Қарсыластар кортта 2 сағат 42 минут өнер көрсетті.

Алькарас жетістігі

Бұл жеңіс Карлос Алькарастың мансабындағы екінші US Open титулы болды. Жалпы ол алты рет «Үлкен дулыға» турнирлерінде жеңімпаз атанған. Бұған дейін испандық теннисші «Ролан Гарросты» екі рет (соның ішінде биыл) және «Уимблдонды» екі рет ұтқан.

Синнер мүмкіндігін жіберіп алды

Итальяндық Янник Синнер өткен жылғы US Open чемпионы мәртебесін қорғай алмады. Дегенмен, оның активінде биылғы маусымда екі «Үлкен дулыға» трофейі бар – Australian Open және «Уимблдон». Жалпы алғанда, Синнер төрт мэйджор жеңіп үлгерді.

Әлемдік рейтингтегі өзгерістер

Бұл жеңіс Алькарасты әлемнің бірінші ракеткасы атағына қайта оралуға мүмкіндік береді. Ал Синнер екінші орынға түседі.

Айта кетейік, Нью-Йоркте өткен маусымдағы соңғы «Үлкен дулыға» турнирінде әйелдер арасындағы жекелей сында чемпиондықты беларусь теннисшісі Арина Соболенко жеңіп алған болатын.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button