Бала жүрегіндегі шу – Ата-аналарға арналған түсінікті нұсқаулық

Ата-ананың ең бірінші тілегі — баласының дені сау болуы. Дегенмен кейде дәрігердің қаралуынан кейін баланың жүрегінде шум бар деген қорытынды естіп, көп ата-ана алаңдай бастайды. Бұл шын мәнінде нені білдіреді? Шу қауіпті ме, әлде уақытша құбылыс па?
Жүрек шуы деген не?
Жүрек шуы — бұл жүрек жұмысын тыңдағанда естілетін ерекше дыбыс. Ол жүрек қақпақшалары немесе қан айналымының қозғалысынан туындайды. Әдетте жүрек “луб-дуб” деп соғады, ал шу осы соққылар арасында пайда болатын қосымша дыбыс ретінде байқалады.
Шудың түрлері
Жүрек шуы екіге бөлінеді: бейкүнә (функционалды) және патологиялық (ауруға байланысты).
- Бейкүнә шулар — балаларда жиі кездеседі және жүрек құрылымында ешқандай ақау жоқ екенін білдіреді. Бұл шулар баланың өсуімен жоғалып кетуі мүмкін.
- Патологиялық шулар — жүрек қақпақшаларының ақауы немесе жүректің басқа тума кемістіктері бар екенін көрсетуі мүмкін.
Диагностика қалай жүргізіледі?
Егер педиатр жүректе шу бар деп анықтаса, ол сізді балалар кардиологына жібереді. Мамандар жүрек қызметін тексеру үшін:
- Аускультация (тыңдау)
- ЭКГ (электрокардиограмма)
- ЭхоКГ (жүректің УДЗ-сы) сынды әдістерді қолданады.
ЭхоКГ — бұл жүрек құрылымын нақты көрсете алатын қауіпсіз әрі ауыртпайтын тексеріс.
Қашан уайымдаған жөн?
Көп жағдайда шулар қауіпсіз, алайда келесі белгілермен бірге байқалса, тереңірек тексеру қажет:
- Баланың ентігуі немесе тынысының жиілеуі
- Терінің көгілдірленуі
- Тәбеттің нашарлауы немесе салмақ қоспауы
- Тез шаршау
Ем қажет пе?
Егер шу бейкүнә болса, ем қажет емес. Бірақ патологиялық себеп табылса, дәрі-дәрмек, кейде тіпті операция тағайындалуы мүмкін.