Спорт

Конор Макгрегор Ирландия халқына президенттікке түсуіне қолдау білдіруді сұрады

UFC жұлдызы Конор Макгрегор Ирландия азаматтарына президенттік сайлауға қатысу үшін қолдау көрсетуге шақырды, деп хабарлайды dailykz.

Әлеуметтік желідегі үндеу

Экс-чемпион Х әлеуметтік желісінде арнайы видеоүндеу жариялап, барлық ирландиялықтарға жүгінді.

Макгрегордың айтуынша, егер азаматтар оның есімін президенттік сайлау бюллетенінде көргісі келсе, жергілікті кеңесшілерге хабарласып, оның кандидатурасын қолдауға шақыруы керек.

“Біздің кеңесшілеріміз — қоғамның тірегі. Олар елдің дамуы үшін Парламент мүшелерінен де көп еңбек сіңіреді. Сондықтан дәл солар арқылы менің кандидатурамды ұсынуды сұраймын”, — деді спортшы.

“Шынайы өзгеріс уақыты келді”

Макгрегор өзінің басты мақсаты халықтың дауысын естірту екенін жеткізді.

“Егер сіздер Макгрегорға дауыс бергілеріңіз келсе, бәрі бүгіннен басталады. Жергілікті кеңесшілеріңізге қоңырау шалыңыздар да, өзгерісті талап етіңіздер”, — деді ол.

Саясатқа бетбұрыс

Биыл көктемде Конор Макгрегор АҚШ президенті Дональд Трамппен Ақ үйде кездескен еді. Бұл оқиғадан кейін Ирландия премьер-министрі Михол Мартин файтердің антимиграциялық пікірлерін сынға алды.

Кейіннен Макгрегор алдағы Ирландия президенті сайлауына қатысуға ниетті екенін ресми мәлімдеді.

Спорттағы жағдайы

Макгрегор UFC октагонына 2021 жылдан бері шыққан жоқ. Соңғы жекпе-жегінде ол Дастин Порьемен кездесіп, ауыр жарақат алып, ұзақ уақытқа спорттан шеттеген болатын.

2024 жылдың наурызында ол кәсіби мансабын аяқтап, саясатқа бет бұруы мүмкін екенін де меңзеді.

Қазір ирландиялық спортшы BKFC жалаңқол жекпе-жек лигасын белсенді түрде насихаттап жүр. Ол лиганың бірлескен иесі әрі алдағы уақытта өзі де шаршы алаңға шығуы мүмкін екені айтылды.

Конор Макгрегор президенттікке түсу арқылы саясаттағы жаңа белесті бағындыруға ниетті екенін айқын көрсетті.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button