Спорт

Конор Макгрегор төрт жылдан кейін жалаң жұдырықпен жекпе-жекке оралады

Ирландиялық аты аңызға айналған файтер, UFC жұлдызы Конор Макгрегор ұзақ үзілістен кейін қайтадан октагонға оралады. Бірақ бұл жолы ол әдеттегідей емес, алғаш рет жалаң жұдырықпен жекпе-жек өткізбек, деп хабарлайды dailykz Championat-қа сілтеме жасап.

Жекпе-жекке дайындық

Көпшілікті елең еткізген бұл жаңалықты Bare Knuckle Fighting Championship (BKFC) ұйымының басшысы Дэвид Фельдман Нью-Джерсиде өткен баспасөз жиынында мәлімдеді. Оның айтуынша, экс-чемпион қазір бұрынғыдан да тыңғылықты дайындық үстінде.

“Бұл – мен көрген ең мықты Конор Макгрегор. Ол бар күшін салып жаттығып жатыр және толығымен осы жекпе-жекке назар аударған. Маған айтқанындай, Джереми Стивенс пен Майк Перридің арасындағы кездесудің жеңімпазы – оның келесі қарсыласы болмақ”, – деді Фельдман.

Қарсыласы кім болады?

Макгрегордың алғашқы жалаң жұдырықтағы қарсыласы UFC-де өнер көрсеткен екі мықты файтердің – Джереми Стивенс пен Майк Перридің арасындағы айқастан кейін белгілі болады.

Ұзақ үзілістің себебі

Айта кетейік, Конор соңғы рет UFC октагонына 2021 жылы шыққан еді. Ол кезде ирландиялық спортшы Дастин Порьеге қарсы кездесуде ауыр жарақат алып, ұзақ уақыт жекпе-жектен шет қалды.

2024 жылы да оның үлкен оралуы күтілген болатын, алайда тағы бір жарақат салдарынан жоспарланған турнирге қатысудан бас тартты.

Макгрегордың болашағы

Биылғы наурызда Макгрегор кәсіби спорттағы мансабын аяқтауы мүмкін екенін меңзеген еді. Бұған дейін қос салмақта UFC чемпионы атанған файтер өзінің саяси амбициялары барын да ашық айтқан.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button