Спорт

Лионель Мессисіз «Интер Майами» ірі жеңіліске ұшырады

MLS тұрақты чемпионаты аясында өткен матчта «Интер Майами» сырт алаңда «Орландо Ситиден» ірі есеппен ұтылды, деп хабарлайды dailykz. Кездесу Орландодағы «Эксплория» стадионында өтті. Қонақтар алаң иелеріне 4:1 есебімен жол берді.

Жеңімпаздар сапында колумбиялық шабуылшы Луис Муриэль дубль авторы атанды (2 және 50-минуттар). Сондай-ақ аргентиналық жартылай қорғаушы Мартин Охеда (58) және хорват Марко Пашалич (88) бір-бір голдан соқты. Қонақтардың жалғыз голын 8-минутта италиялық хавбек Янник Брайт еншісіне жазды.

«Интер Майами» капитаны және жұлдыз ойыншысы Лионель Месси бұл кездесуге қатысқан жоқ. Ол бұған дейін де алаңға шықпаған болатын. Себебі Кубок матчы кезінде жарақат алып, ойын ортасында ауыстырылған еді.

Қазіргі таңда «Интер Майами» 23 матчтан кейін 42 ұпаймен турнир кестесінде 9-орында тұр. Команда плей-офф аймағына жету үшін келесі ойындарда жеңіске жетуі керек.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button