Лордоз деген не: себептері мен алдын алу жолдары

Адам омыртқа жотасының табиғи иілу формалары бар екенін көпшілік біле бермейді. Солардың бірі — лордоз. Бұл термин омыртқаның алға қарай иілуін білдіреді. Қалыпты жағдайда лордоз бел омыртқасында және мойын бөлігінде болады.
Неліктен лордоз маңызды?
Омыртқаның дұрыс иілуі адамның жүруін, тепе-теңдігін сақтауды және омыртқаға түсетін жүктемені тең бөлуді қамтамасыз етеді. Егер лордоз шамадан тыс болса (гиперлордоз), бел омыртқасы алға қарай қатты иіліп, арқаға артық күш түседі. Мұндайда адам белі ауырсынуы, дұрыс жүре алмауы мүмкін.
Лордоздың себептері қандай?
Лордоз көбіне қаңқа-бұлшықет жүйесінің әлсіреуінен, семіздік немесе омыртқа ауруларынан туындайды. Кей жағдайда жүктілік кезінде уақытша лордоз байқалады — іштің үлкеюінен бел омыртқасы алға қарай иіледі.
Емдеу жолдары қандай?
Егер лордоз патологиялық сипатқа ие болса, дәрігер арнайы жаттығулар, массаж және физиотерапияны ұсынады. Кейде арнайы белдік немесе корсет кию ұсынылуы мүмкін. Сирек жағдайда операциялық ем қажет болуы мүмкін.
Қысқасы, омыртқа денсаулығын сақтау үшін дұрыс отыру, артық салмақтан аулақ болу және белді үнемі шынықтыру маңызды. Егер беліңіз ауырып, дене қалпыңыз өзгеріп кетсе, міндетті түрде дәрігерге көрініңіз.