News

Маңғыстау облысының делегациясы Қытайда бірқатар инвестициялық келісімге қол қойды

2 қыркүйекте Бейжіңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің VIII отырысы аясында Маңғыстау облысының делегациясы бірқатар маңызды келісім жасасты, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Аймақ атынан шараға облыс әкімінің орынбасары Ербол Ізбергенов бастаған делегация қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімдігі мен Қытайдың жетекші компаниялары өңір экономикасы үшін маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөнінде келісімдерге қол қойды.

Атап айтқанда, Zhongyun International Industrial Co., Ltd. (Heilongjiang), Inner Mongolia Guoyou Import & Export Trading Co., Ltd. және Tianjin Guoyou WuChan Group Co., Ltd. компаниялары Маңғыстауда теңіз портын салу және көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту жобасын іске асырмақ. Ал Gansu Joy Sturgeon Ecological Technology Co., Ltd. балық шаруашылығы, балық өңдеу және туризм салаларында бірқатар жобаны жүзеге асырады.

Сонымен қатар, ChengLi Special Automobile Co., Ltd. және Hua An International Investment Management LLP арнайы техникаларға арналған автожинақтау зауытын салуды жоспарлап отыр. Ал Huawei Technologies Kazakhstan компаниясымен цифрландыру саласында бірлескен жобалар қолға алынады.

Айта кетейік, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай инвестиция тарту мақсатында аталған компаниялардың өкілдерімен Ақтау, Астана қалаларында, сондай-ақ Қытайдың Бейжің, Тяньцзинь және Суйчжоу қалаларында келіссөздер жүргізген болатын. Кездесулер барысында тараптар бірлескен жобаларды талқылап, өзара ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.

Бүгін Бейжіңде Мемлекет басшысының қатысуымен өткен іскерлік кеңес нәтижесінде қол қойылған келісімдер Маңғыстау облысына қомақты инвестиция тартуға жол ашпақ.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button