Месси Аргентина құрамасы үшін соңғы үй матчында дубль жасады

Аргентина ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында Венесуэланы ірі есеппен ұтып, жеңіс тойын атап өтті. Матчтағы басты қаһарман — Лионель Месси, деп хабарлайды dailykz.
“Монументальдағы” тарихи ойын
Іріктеу кезеңінің 17-тур ойыны Буэнос-Айрестегі “Монументаль” стадионында өтіп, алаң иелерінің 3:0 есебімен жеңісімен аяқталды.
Аргентиналық жанкүйерлер үшін бұл кездесу ерекше маңызға ие болды. Капитан әрі жұлдыз ойыншы Лионель Месси дубль жасап (39 және 80-минуттарда), қоштасу кешін жарқын өткізді. Тағы бір голды Лаутаро Мартинес (76-минутта) соқты.
Соңғы үй матчы
Бұл ойын Мессидің Аргентина құрамасындағы соңғы үй матчы ретінде тарихта қалды. Ол алаңға ұлдарының қолдауымен шықты. Ал трибунада жанкүйерлер “Барлығы үшін рахмет, капитан” деген алып баннер іліп, сүйікті ойыншысын қошеметпен шығарып салды.
Кездесуден кейін 38 жастағы форвард Аргентинадағы соңғы ойынын өткізгенін растады. Сондай-ақ жарақаттарының кесірінен 2026 жылғы әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін екенін де жасырмады.
Аргентина чемпионатқа жолдама алды
Бұл жеңістің арқасында Аргентина құрамасы 38 ұпай жинап, Оңтүстік Америка аймағында бірінші орынды иеленді. Команда 2026 жылғы әлем чемпионатына тікелей жолдама алды.
Соңғы турда аргентиналықтар Эквадормен сырт алаңда кездеседі. Алайда Месси бұл ойында алаңға шықпайды.
Ал Венесуэла 18 ұпаймен жетінші орында тұр. Құрама Боливиямен бірге плей-офф кезеңіне шығу үшін таласып жатыр. Тікелей жолдаманы Аргентинадан бөлек Бразилия, Уругвай, Эквадор, Колумбия және Парагвай командалары иеленді.