Экономика

Ресми жалақының артықшылықтары: неге «сұр» жалақыдан жақсы?

Қазақстанда ресми жалақы тек зейнетақы жинақтарын көбейтумен шектелмейді. Ол сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде мәртебе береді және мемлекеттік зейнетақының мөлшерін арттырады, деп хабарлайды dailykz.

Көптеген қызметкерлер «ақ жалақыға» мән бермейді, себебі одан салықтар мен төлемдер ұсталып, қолға алатын табыс азаяды. Дегенмен Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ресми жалақының «сұрдан» әлдеқайда пайдалы екенін еске салды.

Зейнетақы мен болашақ табыс

Жалақыдан ұсталып, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) аударылатын жарналар – тек болашақтағы төлемдер ғана емес. Олар мемлекеттік зейнетақының көлеміне де тікелей әсер етеді.

Мысалы, 2025 жылы базалық зейнетақы мөлшері – 32 360 теңге. Ал ресми түрде жұмыс істеп, еңбек өтілі көп азаматтардың орташа мемлекеттік зейнетақысы 143 529 теңгеге жетті. Демек, «конвертпен» жұмыс істегендер қартайғанда бар болғаны ең төменгі төлемдермен ғана шектеледі.

Больничный мен еңбек демалысы

Ресми жұмыс істейтін азаматтың құқығы мемлекетпен қорғалады. Ол жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығып, табысын жоғалтпайды. Сол сияқты, ауырса – ақылы еңбекке жарамсыздық парағын алады.

Ал «сұр» жалақы алатын қызметкер үшін мұның бәрі тек жұмыс берушінің «жақсылығына» байланысты. Көп жағдайда демалыс ақысы да, еңбекке жарамсыздық төлемі де қарастырылмайды.

Әлеуметтік қорғау мен төлемдер

Ресми жалақы әлеуметтік кепілдіктердің толық пакетін ұсынады:

  • Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы – жалақының 45%-ына дейін;
  • Жұмыстан қысқартылғандағы төлемдер – пайдаланылмаған еңбек демалысы мен соңғы жұмыс күні үшін;
  • Декреттік төлемдер – әйелдерге бір реттік 1 млн теңгеден астам жәрдемақы;
  • МӘМС арқылы тегін медицина – «сұр» жалақы алатындар дәрігерге бару үшін толық ақы төлеуге мәжбүр.

«Сұр» жалақының қауіптілігі

Конвертпен ақша алатын қызметкер толықтай жұмыс берушінің адалдығына тәуелді. Жалақы берілмесе – оны дәлелдеудің немесе заңмен қорғаудың жолы жоқ.

Алғашқыда «сұр» жалақы көбірек болып көрінуі мүмкін. Бірақ оның нәтижесі – зейнетақы жинағы жоқ, әлеуметтік төлемдерсіз, еңбек құқығы қорғалмаған адам.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button