Қазақстанда өмір сүру құны күрт өсті

2025 жылғы тамыз айында Қазақстанда тұтыну себеті бойынша есептелетін айлық ең төменгі күнкөріс деңгейі (КД) бірден 6,3%-ға өсіп, 62 180 теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23,6%-ға жоғары, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
Күнкөріс минимумының 55%-ы (34 199 теңге) азық-түлікке жұмсалса, қалған 45%-ы (27 981 теңге) қызметтер мен ең қажетті заттарға арналады. Сарапшылар атап өткендей, бұл сома жайлы өмір сүруге емес, тек базалық қажеттіліктерді өтеуге жеткілікті «өмір сүру минимумын» білдіреді.
Аймақтар бойынша ең жоғары КД:
- Маңғыстау облысы – 73 276 тг
- Шығыс Қазақстан облысы – 67 077 тг
- Астана – 66 204 тг
Алматыда күнкөріс деңгейі – 65 573 тг, Шымкентте – 61 489 тг. Ең төмен көрсеткіш Қызылорда облысында тіркелді – 55 185 тг.
Айта кетейік, заңнамада бекітілген ресми күнкөріс минимумы (46 228 теңге) басқа мақсатта қолданылады – ол базалық зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін қажет. 2026 жылы бұл көрсеткіш 50 851 теңгеге дейін өсуі мүмкін.