Спорт

ҚПЛ: «Қайсар» мен «Ордабасы» кездесуі күтпеген нәтижемен аяқталды

Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы өз алаңында Шымкенттің «Ордабасымен» тең түсті. Қазақстан премьер-лигасының 20-турындағы матч 1:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды dailykz.

Кездесу Қызылордадағы Ғани Мұратбаев атындағы стадионда өтті. Алғашқы голды 41-минутта пенальтиден Айбар Жақсылықов соқты. Ол – Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Қайсардың» шабуылшысы.

Алайда шымкенттіктер 76-минутта есепті теңестірді. Команданы жеңілістен сербиялық қорғаушы Никола Антич құтқарды.

20 тур қорытындысы бойынша «Қайсар» 18 ұпай жинап, турнирлік кестеде 11-орнын сақтап қалды. Ал «Ордабасы» 28 ұпаймен Қазақстан премьер-лигасында жетінші орында тұр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button