Экономика

Қазақстанда АИ-92 бензині қаңтар айындағы шектік баға алынып тасталғаннан кейін қаншаға қымбаттады

2025 жылдың ақпанында АИ-92 бензинінің бағасына қойылған шектеу алынып тасталды. Нәтижесінде жанармай құны біртіндеп өсе бастады. Қазір ірі қалалардағы баға деңгейі қандай екенін NUR.KZ мәліметтеріне сүйене отырып қарастырайық.

Жыл басында АИ-92 маркалы бензиннің шекті бағасы литріне 205 теңге болатын. Бірақ шектеу алынып тасталған соң, жанармай құю бекеттері бағаны кезең-кезеңімен көтерді. Біздің байқауымызша, орта есеппен баға айына бір-екі рет өсіп отырды.

2025 жылдың 14 тамызында ірі желідегі АЗС-тер тағы да бағаны қымбаттатты. «Яндекс Карталар» сервисіндегі мәліметке сүйенсек, ақпан айынан бастап жағдай келесідей:

Астана
Елордада ақпаннан тамызға дейін АИ-92 бензинінің бағасы 16–19 теңгеге өсті. Бұл – 7,8%-дан 9,2%-ға дейінгі қымбаттау және Қазақстан мегаполистері арасында ең жоғары өсім.
Қазір ең төмен баға – 221 теңге, ең жоғарысы – 224 теңге.

Алматы
Оңтүстік астанада ең қымбат АИ-92 – 223 теңге, ең арзан – 211 теңге.
Баға өсімі ақпаннан бері 6–18 теңге аралығында болды, бұл 2,9%-дан 8,8%-ға дейінгі қымбаттауды білдіреді. Осы көрсеткіш бойынша Алматы екінші орында.

Шымкент
Шымкентте баға бар болғаны 5 теңгеге (2,4%) өсті. Кейбір жанармай бекеттерінде ақпан айындағы 205 теңгелік деңгей сақталған. Бұл бастапқыда қаладағы бағаның шектік мәннен әлдеқайда төмен болуымен түсіндіріледі, сондықтан нақты өсім бұдан жоғары болуы мүмкін.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button