Спорт

«Бұл нәтиже береді»: ресейлік клуб футболшыларын ойын алдында қымызбен дайындай бастады

Ресейлік «Уфа» футбол клубының бас директоры Марат Шмаков ойыншылардың нәтижеге жету үшін матчтар алдында қымыз ішіп жүргенін айтты, деп хабарлайды dailykz Sports.ru дерегіне сілтеме жасап.

Бас директордың сөзінше, мұндай шешімге нигериялық шабуылшы Уильямс Чимези жағдайы түрткі болған. Ол алаңда ұзақ уақыт гол соға алмай жүрген. Алайда қымызды күнделікті рационға қосқан соң ойыншы нәтижелі ойнай бастаған.

«Басқа ойыншылар қымыздың қандай керемет әсер беретініне куә болды. Енді біз оны бүкіл команда болып ішетін боламыз», — деді Шмаков.

Сонымен қатар, ол ойыншылардың қазір матчқа дайындық кезінде бұл сусынды белсенді пайдаланып жүргенін атап өтті.

«Біз сенеміз, бұл нәтиже береді», — деп қосты ол.

Нутрициолог Александра Степаненко қымыздың құпиясын түсіндірді: оның айтуынша, қымыздағы ақуыз толық сүттегі ақуыздан әлдеқайда тез сіңеді.

«Бұл ақуыз түрі бұлшықетке тез жетіп, ойын барысында пайда болған зақымдарды қалпына келтіреді», — деп түсіндірді маман.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button