Неліктен қазақстандықтардың тұрғын үй кезегіндегі нөмірлері өзгерді

2025 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстанда жаңа тұрғын үй кезегі енгізілді. Көптеген азаматтар өздерінің кезектегі нөмірлерінің өзгергенін байқады. Бұл қате емес, жүйенің жаңартылуына байланысты. Оның ерекшеліктерін dailykz тілшілері анықтады.
Жаңа жүйе қалай жұмыс істейді?
24 мамырдан бастап мемлекеттік тұрғын үй кезегін басқаруды «Отбасы банк» қолға алды. Бұл ұйым ұлттық даму институтына айналып, жаңа функциялар атқара бастады.
Осы күннен бастап, егер азаматтың соңғы бес жыл ішінде өз баспанасы болмаған болса, ол кезекке тұрып, мемлекеттен тұрғын үй алуға өтініш бере алады.
Алайда жүйе жаңарғаннан кейін қазақстандықтар өз кезек нөмірлерінің өзгергенін байқады. «Крыша» порталының мәліметінше, бұл – қателік емес. Енді бұрынғыдай жай ғана рет нөмірі көрсетілмейді. Оның орнына азаматтың есепке тұрған күні мен табыс деңгейі ескерілетін жаңа идентификатор қолданылады.
Нөмір не үшін өзгерді?
Енді кезектегі адамның табыс деңгейіне қарай мемлекет ұсынатын қолдау түрі де өзгереді:
- табысы төмен азаматтарға әкімдік тарапынан арендалық пәтер ұсынылуы мүмкін;
- ал табысы орташа немесе тұрақты азаматтарға жеңілдетілген ипотекалық несие қарастырылған.
Кезектегі мәртебені қалай тексеруге болады?
Кезекке тұруға өтініш беру үшін азаматтар Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы арқылы жүгіне алады. Ал мәртебені анықтау үшін бірнеше жол бар:
- «Отбасы банк» сайты
- «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде
- «Тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімі» тарауын ашып
- өз аймағыңызға сәйкес тізімді жүктеу қажет.
- Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы
- Порталда авторизациядан өтіп
- «Мәртебемді білу» батырмасын басу жеткілікті.
- Жүйе автоматты түрде есепке қойылған күнді және категорияны көрсетеді.
Қосымша ақпарат
Бұған дейін біз мемлекеттік тұрғын үй кезегіне өтініш бергенде қандай жағдайларда бас тартылатынын егжей-тегжейлі жазған болатынбыз.
Сонымен қатар, әрбір қазақстандықтың мемлекеттен 10 сотық жер телімін алу мүмкіндігі бар екенін еске саламыз. Жер кезегі мен тұрғын үй кезегі бір-біріне тәуелді емес.
Айта кету керек, кейбір азаматтарға мемлекет ипотекалық баспана алу үшін қаржылай көмек те береді.