Сүт тістер қай уақытта түседі: ата-аналарға кеңес

Баланың өсу кезеңінде ата-ананы мазалайтын басты сұрақтардың бірі — сүт тістерінің түсу уақыты. Бұл қалыпты физиологиялық процесс екенін білген жөн.
Әдетте, сүт тістері 6 жас шамасында түсе бастайды. Алғашқы болып көбінесе алдыңғы тістер түседі. Кей балаларда бұл процесс ертерек — 5 жаста, кейбірінде кешігіп — 7 жаста басталуы мүмкін. Бұл баланың жеке даму ерекшеліктеріне байланысты.
Барлық сүт тістері шамамен 12-14 жасқа дейін толықтай тұрақты тістерге ауысып бітеді. Осы кезеңде ата-аналар баланың ауыз қуысы гигиенасына ерекше көңіл бөлгені дұрыс. Себебі тұрақты тістердің сапалы әрі түзу шығуы сол уақыттағы күтімге тікелей байланысты.
Егер сүт тісі уақытынан ерте түссе немесе түспей қойса, міндетті түрде тіс дәрігеріне қаралу керек. Себебі ерте түскен тіс көрші тістердің орналасуын бұзып, тістің қисық өсуіне әкелуі мүмкін.
Маңызды кеңес: Балаңыздың тісі түсіп жатқанда артық уайымға салынбаңыз. Бастысы — баланың тісін тартып жұлып алмау, қажет болса маманға көрсеткен жөн.