Самат Смаков КПЛ-2025 маусымының үздік ойыншысын атады » DailyKz
Спорт

Самат Смаков КПЛ-2025 маусымының үздік ойыншысын атады

«Жетісу» клубының бас бапкері Самат Смаков Қазақстан Премьер-лигасының 2025 жылғы маусымындағы ең үздік футболшыны атап өтті, деп хабарлайды Sports.kz QSport-қа сілтеме жасап.

— Қазіргі таңда үздік футболшы кім?
— Қазір ерекше көзге түсіп жүрген ойыншы — Дастан Сатпаев, — деді Смаков.

Алматының «Қайрат» клубының 16 жастағы шабуылшысы биылғы чемпионатта 19 матчқа қатысып, 8 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген. Қазіргі уақытта ол КПЛ-дің сұрмергендер тізімінде екінші орында тұр. Айта кетейік, Дастан Сатпаев 2026 жылдың тамызынан бастап, 18 жасқа толған соң, Лондонның «Челси» клубының сапында өнер көрсететін болады.

Related Articles

Back to top button