Си Цзиньпин мен жұбайы Тоқаевты Тяньцзинде қарсы алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Тяньцзинь қаласына Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне қатысушы елдердің делегация басшыларына арналған салтанатты қабылдауға барды, деп хабарлайды dailykz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы «Мэйцзян» конференц-орталығына келіп, салтанатты қабылдауға қатысты. Қазақстан президентін ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мен оның жұбайы Пэн Лиюань жеке қарсы алды.
Ақорда саммит қарсаңында ШЫҰ-ға мүше елдер делегация басшыларының бірлескен суретін де жариялады.
Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев 26 тамызда Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытайға ресми сапарлайтыны хабарланған болатын. Бағдарлама 30 тамыз бен 3 қыркүйек аралығына жоспарланған.
Айта кетейік, кеше президент Тоқаев Қытайдың жетекші ағылшын тіліндегі басылымы China Daily-де мақала жариялап, Қазақстан мен Қытай арасындағы берік байланыстардың маңызына тоқталған еді.
Сондай-ақ бұған дейін қазақстандық журналист Әділ Балтабаев Telegram-арнасында ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Тоқаевқа ерекше ықылас танытқанын жазған болатын.
Тяньцзиньдегі салтанатты қабылдау Қазақстан мен Қытай арасындағы достық байланыстардың жаңа қырын айқындады.