Синнер бес гейм қатарынан ұтылып, АҚШ-тағы “Мастерс” финалын аяқтай алмай қалды

Италиялық теннисші Янник Синнер АҚШ-та өткен ATP 1000 санатындағы Цинциннати турнирінің финалын испандық Карлос Алькарасқа қарсы жалғастыра алмады, деп хабарлайды dailykz.
Шешуші кездесу Линднер отбасы теннис орталығының басты кортында өтті. Бар болғаны бес гейм ойнауға мүмкіндік болды. Оның үшеуі Синнердің өз подачасында өтті. Барлық ұпайды Алькарас жеңіп алды.
Кейін итальяндық спортшы дәрігерлермен кеңесіп, денсаулығына байланысты ойынды жалғастырмау туралы шешім қабылдады. Алькарас қарсыласына тезірек сауығуды тіледі және камераға маркермен: «Кешір, Янник» деп жазып қалдырды.
Бұл жеңіс Алькарас үшін Цинциннатидағы алғашқы “Мастерс” кубогы болды. Осылайша ол ATP деңгейінде 22-ші титулын иеленді. Оның бесеуі “Үлкен дулыға” турнирлерінде алынған.
Ал Синнер былтырғы чемпиондық атағын қорғай алмады және белгілі бір рейтинг ұпайларынан айырылмақ. Дегенмен ол әлемдік рейтингтің көшбасшысы болып қала береді. Алькарас болса, екінші орнын сақтап қалды.