Экономика

Түркістан облысында алюминий өнімдерін шығаратын жаңа зауыт іске қосылды

Ордабасы ауданына қарасты Бадам ауылында «CENTRAL ASIA ALUMINUM» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі алюминий профильдерін өндіретін зауыт ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен компания директоры Сян Гуанжуй қатысып, лентаны қиып, арнайы батырманы басу арқылы өндірісті ресми түрде іске қосты, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы өз сөзінде жаңа кәсіпорынның өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырудағы маңызын атап өтті. Оның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы дамыту үшін өндірісті өркендетіп, инвестиция тарту қажеттігін айтқан. Осы бағытта Түркістан облысында нақты қадамдар жасалып жатыр.

Central Asia Aluminum зауыты жылына 20 мың тоннаға дейін өнім шығара алады. Мұнда шамамен 200 жұмыс орны ашылған, ал дайын өнімнің бір бөлігі экспортқа жөнелтіледі. Өндіріс ошағында заманауи технологиялар қолданылуда. Жоба өңір өнеркәсібінің дамуына және облыс кірісін ұлғайтуға ықпал етпек.

Нұралхан Көшеров Түркістан облысын дотациялық аймақтан мықты экономикасы бар, өзін-өзі қамтамасыз ететін өңірге айналдыру мақсатында жаңа өндірістерді іске қосу жалғасатынын, оның ішінде Ордабасы ауданында да индустриялық аймақтарда жұмыс күшейетінін жеткізді.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button