News

Талғат Момышев Су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды

Бүгін, 25 тамызда, Талғат Амангельдіұлы Момышев жаңа қызметке тағайындалғаны белгілі болды. Ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Су ресурстары және ирригация вице-министрі лауазымын иеленді, деп хабарлайды dailykz.

Бұл туралы ақпарат Үкіметтің ресми Telegram-арнасында жарияланды.

Өмірбаяны мен білімі

Талғат Момышев 1968 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

  • Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын,
  • Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған.

Мамандығы бойынша – инженер-құрылысшы, бухгалтер-экономист.

Еңбек жолы

  • 1994–1996 жж. – қазақ-түрік бірлескен кәсіпорнының атқарушы директоры.
  • 1997–1998 жж. – Жамбыл облыстық стандарттау және метрология орталығы директорының орынбасары.
  • 1998–1999 жж. – Жамбыл облысы әкімі аппаратының аға референті.
  • 1999–2000 жж. – Жамбыл облыстық инвестициялар және сыртқы экономикалық байланыстар комитетінің төрағасы.
  • 2000–2005 жж. – «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Астана қаласы бойынша басқарма басшысы.
  • 2005–2010 жж. – ҚР Индустрия және сауда министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары.
  • 2010–2014 жж. – ҚР Мұнай және газ министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.
  • 2014–2016 жж. – ҚР Энергетика министрлігінің экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.
  • 2016–2018 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
  • 2018–2019 жж. – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
  • 2019–2021 жж. – ҚР Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы.
  • 2021 ж. қаңтар – қазан аралығы – ҚР Энергетика министрлігі аппаратының жетекшісі.
  • 2021 ж. қазан – 2023 ж. қаңтар аралығы – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.

2023 жылы басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button