Анатомия зубов: тістердің құрылысы туралы қарапайым тілмен

Күн сайын біз тамақ шайнап, сөйлесіп, күліп жүреміз. Бірақ осы әрекеттеріміздің басты “кейіпкерлері” – тістер туралы қаншалықты білеміз? Тіс тек сырт көзге көрінетін ақ қатты зат емес, ол күрделі құрылымнан тұратын ағза бөлігі.
Тістің негізгі бөліктері
1. Тәж (коронка)
Бұл – тістің ауыз қуысында көрініп тұратын бөлігі. Тәждің сыртқы қабаты эмаль деп аталады. Бұл адам ағзасындағы ең қатты ұлпа, ол тісті механикалық әсерден және қышқылдардан қорғайды.
2. Мойын (шекаралық бөлік)
Тіс тәжін және түбірін жалғайтын аймақ. Мұнда эмаль мен цемент қабаттары түйіседі. Бұл бөлік қызыл иекпен жанасып тұрады, сондықтан оның гигиенасын сақтау өте маңызды.
3. Түбір (корень)
Тістің қызыл иек ішінде жатқан бөлігі. Ол жақ сүйекке мықтап бекітілген және тісті ұстап тұратын қызмет атқарады. Түбірдің сыртында цемент, ішінде дентин және пульпа орналасқан.
Тістің ішкі құрылымы
– Эмаль:
Тістің ең сыртқы және қатты қабаты. Ол ағартылған түсімен ерекшеленеді және кариеске қарсы тұратын басты қорғаныш болып табылады.
– Дентин:
Эмаль астында орналасқан тін. Ол жұмсақтау келеді, сондықтан эмаль бұзылса, дентинге кариес тез таралады.
– Пульпа:
Тістің “жүрегі” десе болады. Мұнда қан тамырлары мен жүйкелер бар. Егер кариес тереңдеп, пульпаға жетсе, адам қатты ауырсынуды сезінеді.
Тіс түрлері
Адамның аузында әртүрлі қызмет атқаратын төрт түрлі тіс болады:
- Кескіш тістер (резцы): Алдыңғы тістер, тағамды тістеп алуға көмектеседі.
- Сойда тістер (клыки): Ұсақтау және жыртуға қатысады.
- Кіші азу тістер (премоляры): Тағамды ұсақтауға арналған.
- Үлкен азу тістер (моляры): Жақта ең артқы тістер болып табылады, шайнау процесінің негізгі бөлігін атқарады.