Токаев Республика күніне арналған концертке қатысты (фото)

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған «Рухтың асқары – Қазақстан» атты салтанатты концертке қатысты, деп хабарлайды dailykz Ақордаға сілтеме жасап.
«Астана Опера» театры сахнасында танымал қазақстандық әртістер мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарын ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтаған болатын.
«Биыл біздің ел маңызды межеге келді – 35 жыл бұрын Қазақстанның Тәуелсіздігі туралы Декларация қабылданған еді. Сол күннен бастап біздің көпғасырлық мемлекеттілік дәстүріміз жаңғырды, Тәуелсіздік туы биікке көтерілді», – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, біз хабарлағандай, Республика күніне арналған шарадағы Токаевтің толық видеосөзі де жарияланды.




