Спорт

UFC турнирінде Рахмонов дивизионында өткен жекпе-жек бір минутта нокаутпен аяқталды

Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өткен UFC Fight Night турнирінде сербиялық аралас жекпе-жек шебері Урош Медич айқын жеңіске жетті, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Алдын ала кард аясында өткен жекпе-жекте Медич жартылай орта салмақтағы (77,1 кг дейін) америкалық Гилберт Урбинамен кездесті.

Үш раундқа жоспарланған айқас күтпеген жерден тез тәмамдалды. Бәсеке басталғалы бір минут өтпей жатып, серб спортшысы бірнеше дәл соққы жасады. Кейін сол қолымен жасаған қарқынды соққысы қарсыласының жақ тұсына дөп тиіп, оны нокдаунға жіберді. Медич рефери араласқанша бір қосымша соққы беріп үлгерді. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті тоқтатып, нокаутты тіркеді.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button