Винисиус “Реалдан” кетуді ойластырып отыр » DailyKz
Спорт

Винисиус “Реалдан” кетуді ойластырып отыр

Бірнеше дереккөздің хабарлауынша, Мадридтің «Реал» футбол клубының «Барселона» командасымен кездесуден кейін бразилиялық шабуылшы Винисиус Жуниор бапкер Хаби Алонсоға келіспеушіліктеріне байланысты клубтан кетуді ойлап отыр.

«Советский спорт» басылымының мәліметінше, «Реал» мен «Барселона» арасындағы матч Винисиус үшін шешуші кезең болды.

«72-ші минутта бапкер Хаби Алонсо Винисиусты алмастырған сәт шабуылшыда эмоциялық жарылыс тудырды. Испандық БАҚ хабарлағандай, ойыншы өз рөліне наразы болып, клубтан кетуге дайын екенін меңзеді», – деп жазады басылым.

«Чемпионат» басылымының хабарлауынша, 72-ші минутта алмастырылғанын білген Винисиус ренжіген, ал киім ауыстыратын бөлмеге бара жатып бірнеше рет: «Мен команданы тастаймын… Мен кетемін, мен үшін кету дұрыс болады», – дегенді қайталаған. Кейбір дереккөздер бұл реакцияның сәттік емес екенін атап көрсетеді. Кейінірек басылым хабарлағандай, Винисиус Жуниор Мадрид клубынан шынымен кетуді ойлап отыр.

Футболшы өз статусын және команданың жеңістеріне қосқан үлесін бағаланбағандай сезінеді, ал бапкер Хаби Алонсоға қатынасы күннен-күнге шиеленісіп келеді.

«Винисиус өзін Алонсоның ойын жоспарына кірмегендей сезінеді және бапкердің стиліне сәйкес келмейтінін түсінеді», – деп жазады басылым.

Айта кетейік, Винисиус «Реалда» 2018 жылдың жазынан бері ойнайды. «Сливочнылар» сапында шабуылшы Испания чемпионы атанып үш рет, сондай-ақ Чемпиондар Лигасын екі мәрте жеңіп алған. Ойыншының қазіргі келісім-шарты 2027 жылғы маусымның соңына дейін жарамды.

Еске салсақ, екі күн бұрын Мадридтің «Реал» командасы Испания чемпионатының 2025/26 жылғы маусымының 10-турында «Барселонаға» қарсы өз алаңында жеңіске жетті. Матч «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтті және есеп 2:1 болып аяқталды.

Related Articles

Leave a Reply

Back to top button