BlogСпорт

Жапонияда бокс кешінен кейін екі спортшы көз жұмды, біреуі ауыр халде ауруханада жатыр

Жапонияда өткен бокс кешінен кейін екі бірдей боксшы ауыр бас жарақатынан қаза тапты, тағы бір спортшының жағдайы ауыр, деп хабарлайды Sports.kz.

Оқиға 2 тамыз күні өткен бокс кешінде орын алды. Сол күні жапон боксшылары Сигетоси Котари мен Хиромаса Уракава рингке шыққан еді.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Котари 12 раундтық жекпе-жекте Ямато Хатаға қарсы жұдырықтасты. Кездесуден кейін ол ауруханаға жеткізілді. Бірнеше күн комада жатып, 8 тамызда бас миына ота жасалғаннан кейін дәрігерлер оның өмірден өткенін мәлімдеді.

Ал Хиромаса Уракава Едзи Саитоға қарсы шығып, сегізінші раундта нокаутпен жеңілді. Ол да ауруханаға жеткізілді, алайда дәрігерлер бірнеше күн бойы күрескенімен, 9 тамызда оның да өмірі қиылды.

Бұдан бөлек, жапон БАҚ-тарының мәліметінше, Ямато Хата да қазір ауруханада ауыр жағдайда жатыр.

WBO – Дүниежүзілік бокс ұйымы қайтыс болған спортшылардың жақындарына көңіл айтып, ресми мәлімдеме жасады:
“Бұл қиын сәтте біз марқұмдардың отбасыларына, достарына және жапон бокс қауымдастығына шын жүректен қайғырамыз”, – делінген хабарламада.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button